Кабинетке кіру
HCF RUN
Аталған іс-шараның мақсаты – трансплантология мәселелеріне қоғам назарын аудару, ағза донорлығының маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру және өмірлік маңызды отаға кезек күтіп жүргендерге моральдық қолдау көрсету.

.png)
.png)
.png)
.png)
.png)
HCF Run жобасы 2018 жылы басталып, алғашқы іс-шара велошеру түрінде өтті. Оған 60-қа жуық шытырман оқиғаларды ұнататын жан қатысып, бұл тамаша бастама болашақта үлкен жетістіктердің бастамасы боларын көрсетті. Келесі жылы, яғни 2019-да қатысушылар саны екі есе артып, 150 батыл қатысушы алыс қашықтықтарды еңсеруге бел буды. Бұл жоба дамуындағы маңызды кезең болып, оның тұрақтылығы мен тартымдылығын айғақтады. Ал 2022 жылы біз жобаны кеңейтіп, оны бірегей жүгіріс фестиваліне айналдыру туралы шешім қабылдадық. Ботаникалық бақтан бастау алған #непростозабег ұранымен өткен HCF Run жарысында 500-ден астам қатысушы бақ сынады. 2023 жылы біздің арманымыз шындыққа айналды: EXPO алаңында өткен жүгіріс фестиваліне шамамен 2000 адам жиналды! Ол спорт, достық пен шабыт мерекесіне айналды. Шараның атмосферасына әнші Yenlik ерекше реңк қосып, ұмытылмас әсер қалдырды. Жыл өткен сайын HCF Run жобасы нығайып, қатысушылардың жүрегін жаулап, қайырымдылық пен спортты біріктіретін жарқын символға айналып келеді.
Іс-шаралары
Забег-фестиваль
JÜREGIMNIÑ JEÑIMPAZY <br /> Әр қадам ерекше маңызға ие жүгіру жарысы
06:00-12:00
Сұрақтар мен жауаптар
Іс-шараның негізгі мақсаттары:
– трансплантология мәселелеріне назар аударту;
– донорлықтың маңыздылығы туралы ақпараттандыруды арттыру;
– өмірлік маңызды операцияны күтіп отырғандарға моральдық қолдау көрсету.
Жүгіру фестивалі маңызды әлеуметтік миссияның бір бөлігі болғысы келетіндерді біріктіреді.
Дәрігерлер мен мамандарға арналған білім беру бағдарламаларына;
Трансплантацияны үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың бастамаларына.