HCF Concept + HCF Flowers

Heart Center Foundation қоғамдық қорының дүкені. Қазақстандық бренд өнімдері, медициналық киімдер, гүлдер және серіктестердің тауарлары. Дүкен өнімдерін сатып алу арқылы сіз еліміздегі кардиология, кардиохирургия және трансплантология салаларының дамуына қолдау көрсетесіз.

Мекенжай

icon

Астана, Тұран даң. 38, Тұран даң. 32

Жұмыс уақыты

icon

Демалыссыз, 08:00 – 20:00

Телефон

icon

+7 771 072 45 66

Бағалар

icon

5 000 ₸ бастап

Бұл – мейірімділік, бірлік және мәні зор істер туралы оқиға.

HCF Concept + HCF Flowers – жай ғана өнімдер емес. Бұл – әлемді жақсы жаққа өзгерткісі келетін адамдардың таңдауы. Әрбір сатып алу арқылы:

  • Ұлттық мәдениетке құрмет көрсетесіз.

  • Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдайсыз.

  • Қоғамның денсаулығы мен әл-ауқатына үлес қосатын саналы таңдау жасайсыз.

  • Қазақстандағы кардиология, кардиохирургия және трансплантология салаларының жүйелі дамуына үлес қосасыз.

Мағыналы дүкен

Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы алғашқы жүйелі Charity Retail моделі

Charity Retail (gift-in-kind) моделі – Oxfam, British Heart Foundation және Goodwill ұйымдары қолданатын халықаралық тәжірибе. Бұл модель бойынша брендтер өз өнімдерін қор дүкеніне өтеусіз береді, ал сатудан түскен қаражат жарғылық қызметке, яғни денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет салаларын дамытуға бағытталады.

Қазақстанның денсаулық сақтау саласында HCF-ке дейін жүйелі Charity Retail моделі болған жоқ. 2024 жылдан бастап біз бұл бағытты осы модельге алғаш қосылған серіктесіміз – қазақстандық ADILI брендімен бірлесіп дамытып келеміз.

Біз жаңа серіктес брендтерді осы жүйеге қосылуға шақырамыз.

Дүкен серіктестері

HCF Flowers

Қазақстан медицинасының дамуына үлес қосатын гүлдер

HCF Flowers – Heart Center Foundation қоғамдық қоры дүкенінің гүл сату бағыты. Біз қазақстандық және шетелдік жеткізушілермен жұмыс істейміз, гүл түрлерін күн сайын жаңартып, келесі қызметтерді ұсынамыз:

  • Дайын гүл шоқтары – сыйлыққа, кездесулерге және жеке мерекелерге арналған

  • Тапсырыс бойынша флористикалық безендіру – іс-шараларға, корпоративтік кездесулерге, үйлену тойлары мен отбасылық мерекелерге арналған гүл композициялары

  • Жеке тапсырыстар – HCF Flowers флористінің қызметі

  • Астана қаласы бойынша жеткізу

Әрбір гүл шоғы – әдемі сыйлық қана емес, еліміздегі кардиология, кардиохирургия және трансплантология салаларының дамуына қосылған үлес. HCF Flowers қызметінен түскен қаражат Қордың жарғылық қызметіне бағытталады.

Қазақстандық брендтерді ынтымақтастыққа шақырамыз

Егер сіз өз өнімдеріңіздің бір бөлігін Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының дамуын қолдауға бағыттағыңыз келетін бренд өкілі болсаңыз, Charity Retail моделіне қосылуға шақырамыз. Елімізде алғаш рет қалыптасып жатқан қайырымдылық жүйесінің бір бөлігі болыңыз.

Егер сіз компания өкілі болсаңыз, HCF Flowers жобасымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға шақырамыз. Кеңсені тұрақты түрде гүлдермен безендіру, клиенттер мен серіктестерге сыйлықтар дайындау, іс-шараларды флористикалық безендіру – компанияңыз күнделікті тапсырыс беретін осы қызметтердің барлығы енді қазақстандық медицинаның дамуына үлес қоса алады.

Серіктес ретінде сіз қандай мүмкіндіктерге ие боласыз:

  • Өнімдеріңізді HCF дүкенінің сөрелерінде орналастыру

  • Қордың ақпараттық арналарында тұрақты түрде жарияланымдар шығару

  • Қор ұйымдастыратын іс-шараларға қатысу

Жүйені қалыптастыратын
қайырымдылық

Heart Center Foundation -
Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы алғашқы эндаумент-қор. Сіз жасаған әрбір жарна - Қазақстандағы кардиология, кардиохирургия және трансплантология салаларының тұрақты дамуына қосылған үлес.