ALEM

Уақыт сыйлау арқылы өмірлерді құтқаратын технология

ALEM (Astana Life Ex-situ Machine) – донорлық ағзаларды сақтау, емдеу және тасымалдау үшін жасалған қазақстандық инновациялық құрылғы.

Жүйе ағза қызметін адам денесінен тыс жағдайда 24 сағаттан астам уақыт бойы физиологиялық жағдайға барынша жақын ортада сақтауға мүмкіндік береді.

Бұл не үшін қажет?

Трансплантологиядағы басты фактор – уақыт. Органды алған сәттен кейін функциясын жоғалтып алмауы әрі салуға жарамсыз болып қалмауы үшін дәрігерлердің орта есеппен 4-6 сағат қана уақыты болады.  

Қазақстан секілді елдердің арасы жүздеген, мыңдаған шақырымды құрайтын аймақтарының логистикасы көбіне ауа райы мен жол инфрақұрылымына тәуелді. Бұндай жағдайда уақыт шектеулерін сақтау қиынға соғады.

Донор табылып, пациент дайын болса да, уақыттың жетіспеушілігінен ауыстырып үлгермейтін кездер туындайды.

 ALEM осы міндетті шешуге жол ашады.

Жүйе уақыт шектеулерін болдырмай, бұрын орындалмай келген үдерістерді іске асыруға мүмкіндік береді.

Event Photo

ALEM-нің негізгі жұмыс істеу принципі

Донорлық ағза алынғаннан кейін, оттегіге қаныққан қан айналымында жүретін тұйық контурға негізделген ALEM жүйесіне қосылады.

Құрылғы ішіндегі температура (36–37 °C) нормотермиялық қалыпта болып, органның метаболизмін сақтауға мүмкіндік береді.

 

Орган адам азғасында тұрғандай жұмысын жалғастыра береді.

 

Жүйе ішіне орнатылған сенсорлармен және бақылау тетіктерімен жабдықталған, олар негізгі физиологиялық көрсеткіштерді: температураны, қысымды, қандағы газдардың концентрациясын және басқа да параметрлерді үздіксіз қадағалап отырады.

Дәрігерлер органды бақылап қана қоймай, оған дәрі енгізіп, артық сұйықтықты шығарып, ультрадыбыстық зерттеу мен коронарография жүргізе алады — яғни, трансплантация жасалмай тұрып-ақ емдеуді бастауға мүмкіндік бар.

Event Photo

Денеден тыс өмір: ALEM жүйесін бірегей ететін не?

ALEM донорлық органның адам денесінен тыс жерде 24 сағаттан аса уақыт сақталып, қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін жағдай жасайды.

 

Құрылғы:

•           нормотермияны тұрақты ұстап тұрады (36–37 °C),

•           оттегіге қаныққан қан айналымын қамтамасыз етеді,

•           ағзаны емдеуге, дәрі енгізуге және артық сұйықтықты шығаруға мүмкіндік береді,

•           барлық негізгі көрсеткіштерді нақты уақытта бақылап отырады,

•           ағзаның жағдайын бағалауға жағдай жасайды (коронарография, ультрадыбыстық зерттеу, фибробронхоскопия, компьютерлік томография және т.б.). Нәтижесінде дәрігерлер органды сақтап қана қоймай, пациенттің жағдайын ескере отырып, оны ауыстыруға дайындай алады.

Тәжірибеге бейімделген инновация

ALEM өмірлік жағдайларда қолдануға бейімделіп жасалған:

– шағын әрі тасымалдауға ыңғайлы: өлшемі 45 × 55 × 120 см, салмағы 50 келіге дейін, 220 В қарапайым электр желісінен қуат алады;

– 110–220 В стандартты электр желісінен қуат алады;

– өмір сүруді қамтамасыз ететін әмбебап әрі мобильді құрылғылармен жабдықталған;

– автокөлікпен, пойызбен немесе ұшақпен тасымалдауға жарамды;

– биосыйысымды материалдардан жасалған, ал шығындалатын модульдер жергілікті жерде өндіріледі.

Event Photo

Жобаның мәртебесі:

2022 жылдан бері 42 клиникаға дейінгі бастапқы операция жасалды.

ALEM жүрек, бауыр және өкпемен жұмыс істеу кезінде сынақтан сәтті өтті.

Органның 24 сағаттан астам уақыт бойы өміршеңдігін, белсенді қызметін және ем жүргізу мүмкіндігін сақтау тиімділігі дәлелденді.

ALEM құрылғысын трансплантацияның нақты жағдайларында алғаш рет қолдануға дайындық жүріп жатыр.

 

Бірінші өндірістік кешеннің құрылысы басталды.

ALEM-ді кім жасады?

Жоба UMC Жүрек орталығы мен Heart Center Foundation қоғамдық қорының бастамасымен жүзеге асырылуда.

Команда құрамында кардиохирургтер, анестезиологтар, перфузиологтар, инженерлер, морфологтар, зертхана мамандары, зерттеушілер және әкімшілік қызметкерлер бар.

Ғылыми жобаны академик Юрий Пя басқарады.

 ALEM – трансплантология мен медициналық инженерия саласындағы алға жасалған қадам.

Ол дәрігерлерді, инженерлерді, ғалымдарды және қоғамды бір ортақ идея төңірегінде біріктіреді:

өмір арақашықтық пен уақытқа тәуелді болмауы керек.

Event Photo

Өзекті

Іс-шаралары

Alem

Стартовало строительство завода по производству медицинского оборудования ALEM

02
маусым, 2025

Alem

Презентация устройства ALEM в технопарке Nazarbayev University

30
қараша, 2024
FAQ

Сұрақтар мен жауаптар

Сіздің көмегіңіздің арқасында бізде дәрігерлерге көмектесу мүмкіндігі бар