18
Nov, 25

Бауыр хирургиясы: Роберто Троиси шеберлік сабағы

Бауыр – адам ағзасындағы толық қалпына келуге қабілетті жалғыз орган. Егер оның тек бір бөлігі ауыстырылса, донордың бауыры уақыт өте келе өзінің физиологиялық көлемін қалпына келтіреді.

Бірінші күні «Бауыр хирургиясындағы жаңа көкжиектер» тақырыбында дәріс өткізіліп, саладағы қазіргі заманғы әдістер мен даму перспективалары жан-жақты қарастырылды. Екінші күні өткізілген ота - сол жақ бауырдың лапароскопиялық резекциясы, қатысушылар минималды инвазивті хирургия әдістерін және операцияны орындау техникаларын мұқият зерттеді. Үшінші күні бауырдың сплит-трансплантациясына арналған дәріс ұйымдастырылып, дәрістен кейін Биомедициналық зерттеу орталығының жаңа виварийінде практикалық бөлім - жануар үлгісінде ота жасалынды.

Event Photo

Трансплантация аясында жануар үлгісінде жүргізілген зерттеулерде отандық әзірлеме қолданылды, ол UMC Жүрек орталығының дәрігерлер тобы мен Heart Center Foundation әзірлеушілер тобының бірлескен еңбегі.ALEM (Astana Life Ex-Situ Machine) құрылғысы қазіргі уақытта доклиникалық зерттеулер кезеңінен өтіп, тұрақты және сенімді нәтижелер көрсетуде, бұл тек жергілікті мамандарды ғана емес, сонымен қатар шетелдік әріптестерді де тәнті етуде.

Трансплантологияны дамыту - кешенді жұмыс. Бұл бағытта әрбір құрамдас бөлік маңызды: мамандарды оқыту, тәжірибе алмасу, жүйелерді жетілдіру және ең бастысы - қоғамның сенімін арттыру.

Heart Center Foundation трансплантация туралы ашық айту мамандарды қолдау және донорлық мәдениетін дамыту жұмыстарын жалғастырады. Өйткені дұрыс ақпарат пен сенім - ақырында адам өмірін сақтап қалатын шешуші факторлар.

Бауыр хирургиясы: Роберто Троиси шеберлік сабағы

Сіздің көмегіңіздің арқасында бізде дәрігерлерге көмектесу мүмкіндігі бар