Пациент-отель туралы

Пациент-отель — бұл «Heart Center Foundation» Қоғамдық қорының пациенттерді сүйемелдейтін адамдарға, сондай-ақ ауруханаға жатқызылуға дайындалып жатқан немесе операциядан өткен адамдарға арналған бірегей орны. Біз бұл орынды адамның өміріндегі қиын кезеңді мүмкіндігінше жайлы және қолайлы ету үшін құрдық.

Брондау

Мекенжай

icon

Астана, Тұран даңғылы 34а, Tandau ТК

Қалай жетуге болады?

Телефон

icon

+7 771 501-90-68

Төсек-орын бағасы

icon

5 200 ₸-ден бастап

Орналасу/шығу

icon

Орналасу 14:00-ден бастап, шығу 12:00-ге дейін

Пациент-отель

Отель туралы

Удобное расположение

Ыңғайлы орналасу

Біз ауруханалар мен медициналық орталықтардың жанында орналасқанбыз

Удобное расположение

Мейірімді қызметкерлер

Біздің қызметкерлеріміз қиын сәттерде қонақтарымызға қамқорлық пен түсіністік танытып, күнделікті мәселелерде көмек көрсетуге үйретілген

Удобное расположение

Бейімделген инфрақұрылым

Біздің үй-жайларымыз ауруханаға жатуға дайындалып жүрген адамдарға толықтай бейімделген

Удобное расположение

Әлеуметтік атмосфера

Біз қонақтар бір-бірімен араласып, уайымдарымен бөлісіп, бір-бірінен қолдау таба алатын жағымды әрі жылы атмосфера қалыптастырдық

Удобное расположение

Ас үй және тамақтану

Қонақтар өздеріне тамақ әзірлей алатын жабдықталған ас үй бар

Удобное расположение

Жеке бөлмелер мен ортақ аймақтар

Бізде бір, екі және төрт адамға арналған бөлмелер, сегіз орындық орналасу, сондай-ақ демалыс пен араласуға арналған жайлы ортақ аймақтар бар. Тегін Wi-Fi

БАҒАЛАР ТІЗІМІ

Біздің бағалар

8-местная комната

8 орындық бөлме

Таңдау бойынша: төменгі немесе жоғарғы төсек

ҚР азаматтарына арналған баға

5 200 ₸ /орын

Шетел азаматтарына арналған баға

7 300 ₸ /орын
8-местная комната

4 орындық бөлме

Таңдау бойынша: төменгі немесе жоғарғы төсек

ҚР азаматтарына арналған баға

6 900 ₸ /орын

Шетел азаматтарына арналған баға

9 700 ₸ /орын
8-местная комната

2 орындық бөлме

ҚР азаматтарына арналған баға

15 600 ₸ /орын

Шетел азаматтарына арналған баға

15 600 ₸ /орын

Пациенттер біз туралы

ПІКІРЛЕР

FAQ

Сұрақтар мен жауаптар

Пациент-отельдегі негізгі ережелер қандай?
HCF Hostel-де сақталуы тиіс ережелер:
· Әр қонақ орналасу кезінде паспортын ұсынуға міндетті;
· Темекі шегуге және алкогольді шамадан тыс ішуге қатаң тыйым салынады;
· Үй жануарларымен келуге болмайды;
· Түнгі уақытта тыныштық сақтау маңызды;
· Сіздің қонақтарыңыз сізге тек 10:00-ден 18:00-ге дейін келе алады;
· Жеке кеңістікті құрметтеңіз, тазалық пен тәртіпті сақтаңыз;
· Балаларды (3 жастан бастап) тек жеке төсек-орынға орналастыруға болады;

· Брондау тек сайт арқылы және менеджердің What’s app мессенджері 87715019068 арқылы сұраныс бойынша мүмкін.

· Топтық брондауларға да дәл осындай тарифтер, бас тарту және төлем ережелері қолданылады.
Ең ерте және ең кеш келу уақыты қандай?
Ерте орналасу үшін қосымша ақы төлемей-ақ, сіз таңғы 10-нан бастап келіп, заттарыңызды қалдыра аласыз немесе бөлмеңіз дайын болғанша ортақ аймақтарда күте аласыз. Стандартты орналасу уақыты — 14:00, яғни сіз бөлмеге 14:00-де немесе ол дайын болса, ертерек кіре аласыз.
Төлем қалай жүзеге асырылады, бас тарту шарттары қандай?
Сіз менеджерге UMC клиникаларының біріне — Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына немесе Ана мен бала орталығына — ауруханаға жатқызу жолдамасын тіркеп, сұраныс жібересіз.

Брондаудан орналасуға бір тәулік қалғанға дейін айыппұлсыз бас тартуға болады. Орналасуға бір тәуліктен аз уақыт қалғанда бас тартқан жағдайда алғашқы түннің құны ұсталады.
Балалармен бірге тұруға бола ма?
Иә, бала жеке төсек-орынға (3 жастан бастап) орналастырылған және ата-анасының немесе қамқоршысының сүйемелдеуімен болған жағдайда. Егер бала оларсыз сапарға шықса, сүйемелдеушіге нотариалды куәландырылған сенімхат қажет.
Сізде тегін көлік тұрағы бар ма?
Бізде жеке көлік тұрағы жоқ, көлігіңізді Ұлттық нейрохирургия орталығы жағындағы көше бойына қоюға болады
Сіз қай жерде орналасқансыз?
Біз Tandau тұрғын үй кешенінде, Тұран даңғылы, 34а мекенжайында орналасқанбыз (https://go.2gis.com/qta65 ).
Сізге қай автобуспен жетуге болады?
Аялдама — Sana жаңа буын орталығы (Тұран даңғылы бойынша)
Бағыттар: 26, 27, 40, 42, 50, 51, 53, 61, 66

Нұрлы жол теміржол вокзалынан 66 және 50 бағыттары жүреді
Аялдама — Асыл-тау БО (Қабанбай батыр көшесі бойынша)
Бағыттар: 10, 12, 37, 49, 302, 303, 308, 309.

Халықаралық әуежайдан 10 және 12 бағыттары жүреді
Аялдама — Нейрохирургия орталығы (Қабанбай батыр көшесі бойынша)
Бағыттар: 10, 12, 37, 49, 302, 303, 308, 309.

Астана 1 теміржол вокзалынан 10 және 12 бағыттары жүреді
Орналасудан бас тартқан кезде ақша қалай қайтарылады?
3.5. Тараптардың шартты орындаудан біржақты бас тарту жағдайлары

3.5.1. Тапсырыс беруші расталған өтінімнен біржақты тәртіппен бас тартуға құқылы. Бас тарту жазбаша нысанда жасалуы тиіс.

3.5.2. Тапсырыс беруші орналасу күніне 10 күннен астам уақыт қалғанда қызметтерден бас тартқан жағдайда айыппұл санкциялары қолданылмайды.

3.5.3. Тапсырыс беруші берілген өтінімнен орналасу күніне 3 күннен аз уақыт қалғанда бас тартқан жағдайда, ол Пациент-отельге мынадай мөлшерде айыппұл төлейді:

-орналасу күніне 3 күн және одан аз уақыт қалғанда бас тартқан жағдайда – айыппұл қызметтер құнының 25%-ын құрайды.

-орналасу күніне 1 күн және одан аз уақыт қалғанда бас тартқан жағдайда – айыппұл қызметтер құнының 50%-ын құрайды.

3.5.4. Тапсырыс беруші қызмет көрсету барысында расталған қызметтерден бас тартқан жағдайда төленген сома қайтарылмайды. Клиенттердің кешігетіні туралы ескертусіз есеп айырысу сағатынан 12 сағаттан астам кешігуі қызметтерден бас тартуға теңестіріледі.

3.5.5. Пациент-отель өтінімді растаудан және қызметтер көрсетуден біржақты тәртіппен бас тартуға құқылы. Өтінімді растаудан мұндай бас тарту туралы хабарлама Пациент-отель тарапынан Тапсырыс берушіге Шартта өтінімді растау үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей жіберілуі тиіс.
Жануарлармен бірге тұруға рұқсат етіле ме?
Өкінішке қарай, біз жануарлары бар қонақтарды қабылдамаймыз.

Жүйені қалыптастыратын
қайырымдылық

Heart Center Foundation -
Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы алғашқы эндаумент-қор. Сіз жасаған әрбір жарна - Қазақстандағы кардиология, кардиохирургия және трансплантология салаларының тұрақты дамуына қосылған үлес.