Кабинетке кіру
Қорға көмектесу
Сіздің қатысуыңыз өмірлерді сақтайды — кардиология мен кардиохирургияны дамытып келе жатқан Қазақстандағы алғашқы эндаумент-қорды қаржылай немесе іс-әрекетпен қолдаңыз.
Тарифті таңдаңыз
Тарифті таңдаңыз
немесе
Деректеріңізді енгізіңіз
Форма сәтті жіберілді! Біз сізбен жақын арада хабарласамыз!
Компания ретінде көмектесу
Байланыс ақпараттарыңызды қалдырыңыз, біз сізбен міндетті түрде хабарласамыз
немесе іс-әрекетпен қолдау көрсетіңіз
Қорымыздың серіктесі болу
Егер сізде бизнес болса немесе заңды тұлға болсаңыз
Компания ретінде көмектесу
Байланыс ақпараттарыңызды қалдырыңыз, біз сізбен міндетті түрде хабарласамыз
Волонтер болу
Байланыс ақпараттарыңызды қалдырыңыз, біз сізбен міндетті түрде хабарласамыз
Сұрақтар мен жауаптар
Қорымыз эндаумент форматын таңдады, себебі жүйелі қайырымдылықтың табысы осында деп санаймыз.
Мұны қалай жасаймыз? Дәрігерлерді клиникада және оның сыртында оқытамыз, қызметкерлерді ірі, пайдалы ғылыми іс-шараларға жібереміз, дәрігерлердің бастамалары мен ғылыми жобаларын қаржыландырамыз, ағарту жұмысына қаражат саламыз.
Барлық операция өз елімізде жасалып, науқастарды емделуге шетелге жіберу қажеттілігі болмауы үшін Қазақстанда кардиологияны дамытамыз.
Білім беру бағытында Қазақстанның кардиохирургия және кардиология қызметтерінің резиденттеріне стипендиялар мен travel-гранттар бөлеміз, өңірлік мамандар үшін мастер-класстар ұйымдастырамыз, мектептердің жоғары сынып оқушыларына жүрек-өкпе реанимациясын үйретеміз, дәрігерлерді біліктілігін арттыру курстарына жібереміз.
Ағарту бағытында бізде Астана қаласының барлық тұрғынын біріктіруге көмектесетін, жақын арада бүкіл ел азаматтарын біріктіретін бірегей жоба бар — Jüregımnıñ jeñimpazy жүгіру-фестивалі. Бұл жобаны трансплантология мен донорлық тақырыбын жария ету, сондай-ақ Күту тізімінде тұрған адамдарды қолдау үшін жасаймыз.