Кабинетке кіру
06:00-16:00
JÜREGIMNIÑ JEÑIMPAZY
Жүректерді біріктіретін фестиваль!
«Heart Center Foundation» қоғамдық қоры дәстүрлі түрде Күту парағында тұрған пациенттерді қолдауға арналған іс-шара өткізіп келеді. Jüregımnıñ Jeñımpazy – бұл жай ғана жүгіру-фестиваль емес, бұл күн сайын өмірі үшін күресіп жүрген қазақстандықтарға көрсетілетін қолдау белгісі.
Бұл біз үшін неліктен маңызды?
2026 жылғы 19 наурыздағы жағдай бойынша трансплантацияны Күту парағында 4 604 пациент тұр, оның 120-сы – балалар. Медицинаның маңызды бағыты – трансплантологияға жүйелі түрде үлес қосу арқылы Қор жыл сайын донорлықты дамыту көрсеткіштеріне оң әсер етіп келеді. ҚР ДСМ Трансплантацияны және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы деректері бойынша трансплантация саны өткен жылмен салыстырғанда 3 есе артқан: егер 2024 жылы қайтыс болған донордан 23 трансплантация жасалса, 2025 жылы олардың саны 68-ге жетті. Оң динамикаға қарамастан, мәселе әлі де өзекті күйінде қалып отыр: Күту парағынан қайтыс болуына байланысты шығарылған пациенттер саны әлі де жоғары. 2025 жылы 342 пациент өз трансплантациясын күтіп үлгермеді.
«Біз бұл іс-шараны 2018 жылдан бері өткізіп келеміз. Жыл сайын оның форматы дамып, бейжай қарамайтын адамдарды көбірек тарта түсуде. Осы тақырып бойынша ашық диалог алаңын қалыптастырып, ақпараттық олқылықтың орнын толтыра алғанымызды мақтан тұтамыз. Биыл фестиваль бағдарламасын кеңейтіп, халық денсаулығын қолдауға және алдын алуға бағытталған шараларды арттыруды жоспарлап отырмыз», – дейді Қоғамдық қор директоры Мұрат Зауыров.
Бағдарлама:
Қор екі ай бойы бизнес өкілдері, дәрігерлер және спорт саласының мамандарымен бірлесе отырып, Астана қаласының тұрғындарына арналған түрлі іс-шаралар өткізеді. Әр адам кәсіби жаттықтырушылармен өтетін жаттығуларға, медицина саласының сарапшылары жүргізетін дәрістерге тегін қатыса алады, жүрек-өкпе реанимациясы бойынша оқудан өтіп, түрлі ұтыс ойындарына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Жаттығулар
Шақырылған жаттықтырушылармен және спорт клубтарымен бірге тегін жаттығулар, сондай-ақ серіктестерімізден сыйлықтар ұсынылады.
Лекторий
Денсаулықты сақтау, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу және физикалық жүктемеге дайындық бойынша медициналық серіктестеріміздің ашық дәрістері.
Оқыту
Халықаралық ERC талаптары бойынша дайындықтан өткен жетекші нұсқаушылар өткізетін жүрек-өкпе реанимациясы курсы.
Пациент мектебі
Фестиваль аясында туа біткен жүрек ақауы диагнозы бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған ашық мектеп өткізіледі.
Check-up
Фестиваль аумағында барлық қатысушылар тегін медициналық тексеруден өте алады.
Концерт
Фестиваль қалашығында өтетін концерттік бағдарлама қатысушылар үшін тосынсый болады.
Күні: 9 тамыз
Өтетін орны: Астана қаласы, «Нұр Әлем» павильоны алдындағы сахна
Іс-шараның басты ерекшелігі - жүгіруде жүлделі орындар қарастырылмайды. Қашықтыққа шыққан әрбір қатысушы мәреге жеткенде медальмен марапатталады. Қатысушы болу арқылы сіз маңызды тақырыптарды көтеруге ықпал етіп, қолдау мәдениетінің қалыптасуына атсалысасыз және Қазақстандағы трансплантологияның дамуына өз үлесіңізді қосасыз.
Қашықтықтар бойынша бастапқы жарна:
1 км - 9 000 ₸ , 3 км - 12 000 ₸, 10 км - 15 000 ₸
! Төлем жасағаннан кейін электрондық поштаңызға тіркеудің расталғаны туралы хат келеді. Тіркелген соң сізге слот пен старттық жиынтық бекітіледі. Тіркеу жарнасы қайтарылмайтынын ескеріңіз. Старттық жиынтықты 6, 7, 8 тамыз күндері UMC Жүрек орталығы ғимаратынан алып кете аласыз.
Өткен жылы қалай өткенін еске түсірейік:
Сұрақтар мен жауаптар
Іс-шараның негізгі бағыттары:
- трансплантология мәселелеріне назар аударту;
- донорлықтың маңыздылығы туралы ақпараттандыруды арттыру;
- өмірлік маңызы бар операцияны күтіп жүрген адамдарға моральдық қолдау көрсету.
Бұл жүгіру маңызды әлеуметтік миссияның бір бөлігі болғысы келетін адамдарды біріктіреді.
2025 жылы тіркеу жарналарының жалпы көлемі 33 863 000 теңгені құрады.
Қор Минск қаласында дәрігер-координаторлардың біліктілігін арттыруға арналған білім беру гранттарын қаржыландырды, сондай-ақ қазақстандық жетекші трансплантологтардың өңірлік стационарларға оқыту сапарларын ұйымдастырды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталыққа еліміздегі трансплантологияны дамыту мақсатында 15 000 000 теңге бөлінді.
JÜREGIMNIÑ JEÑIMPAZY
Жүректерді біріктіретін фестиваль!