10
Aug, 25

06:00 - 12:00

JÜREGIMNIÑ JEÑIMPAZY
Әр қадам ерекше маңызға ие жүгіру жарысы

Jüregımnıñ Jeñımpazy – жыл сайын бір мақсат жолында – Трансплантацияны күту тізімінде тұрған жандарға қолдау көрсету мақсатында мыңдаған адамды біріктіретін жүгіру фестивалі. 2025 жылғы 10 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстандағы мұндай пациенттердің жалпы саны – 4 226 адам, оның ішінде 128-і – балалар. Сіз қатысушы ретінде қашықтықты бағындырып қана қоймай, маңызды мәселелер жөнінде айтуға көмектесесіз, қолдау мәдениетін қалыптастырасыз және Қазақстандағы трансплантологияның дамуына үлесіңізді қосасыз.

Бұл не үшін маңызды?

2012 жылы Қазақстанда кардиохирург Юрий Пяның жетекшілігімен алғашқы жүрек трансплантациясы операциясы жүргізілді. 2025 жылы 100-ші операция жасалды. Жетістіктерге қарамастан, трансплантацияға деген қажеттілік әлі де жоғары деңгейде қалып отыр.

Қор директоры Мұрат Зауыров:

«Қоғамдық жүгіру фестивальдері – бірлік пен қолдаудың нышаны. Олар маңызды мәселелер туралы ой бөлісуге әрі қоғамның донорлыққа деген көзқарасын өзгертуге көмектеседі. Біздің жүгіру фестиваліміз спорт аясынан алыстап, адамдарды, бизнесті және медианы бірлескен әрекеттер мен өзгерістерге жетелейтін күшті әлеуметтік қозғалысқа айналып келеді».

Event Photo

Жүгіруге қатысушылардың бірі Анар Шаймергенова – бүйрек трансплантациясын қабылдаушы әрі Қордың амбассадоры. Қазіргі таңда ол уақытында жасалған операцияның арқасында толыққанды өмір сүріп жатыр:

«Бұл қашықтықтағы әрбір қадам менің қандай жолдардан өткенімді еске салады. Мен процедураларға тәуелді болудың әрі күтумен өмір сүрудің қандай болатынын жақсы білемін. Бұған қоса қолдаудың да қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін. Бұл жүгіру фестивалі сенім білдіретіндерді, күресіп жүрген жандарды және қолдаушыларды біріктіреді. Егер менің бүгінгі қадамым біреуге үміт сыйласа, демек бекер жүгірмегенім».

 

Бұл қалай өтеді?

2024 жылы жүгіру фестиваліне 4 200 адам қатысты: реципиенттер, олардың отбасы мүшелері, донорлардың туыстары, дәрігерлер, еріктілер, серіктестер мен мейірімді жандар. Биыл 5 000 қатысушы жиналады деп күтіп отырмыз.

Кезегін күткендер үшін жүгіріңіз. Әр қадамыңыз оларға қолдау болсын.

Сіз жасаған әр қадам – Қазақстандағы трансплантологияны қолдауға қосылған үлес. Қай қашықтықты таңдасаңыз да, бұл маңызды.

Event Photo


Есіңізде болсын: біздің мақсатымыз – рекорд орнату емес, қолдау көрсету. Сондықтан жарысқа шыққан әр адам  – біздің жүрегіміздің чемпионы. Барлығына да медаль бұйырады.
Өз қашықтығыңызды таңдаңыз: 1 км - 7 000 ₸ , 3 км - 10 000 ₸, 10 км - 13 000 ₸

Event Photo

Күні: 10 тамыз

Уақыты: 5:30-12:00 (Жүгірудің басталуы 7:00)

Орны: Астана, «Нұр-Әлем» павильонының алдындағы жазғы сахна

! Төлем жасаған соң сіздің электронды поштаңызға тіркелу туралы растау хаты келеді. Егер хат келмесе, «Спам» папкасын тексеріңіз. Тіркелгеннен кейін сізге орын мен старттық жинақ бекітіледі. Назар аударыңыз, тіркелу төлемі қайтарылмайды.

Тіркелуге қатысты сұрақтарыңыз немесе ынтымақтастық туралы ұсыныстарыңыз болса, көмектесуге дайынбыз:        +7 771 072 45 65 (қоңыраулар мен WhatsApp)
Жүгірудің Инстаграм парақшасы

FAQ

Сұрақтар мен жауаптар

Жүгіру жарысынан жиналған қаражат қайда жұмсалады?
Қазақстандағы трансплантологияны дамыту жобаларына;
Дәрігерлер мен мамандарға арналған білім беру бағдарламаларына;
Трансплантацияны үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың бастамаларына.
Жүгіру фестивалінің мақсаты қандай?
Jüregımnıñ Jeñımpazy – трансплантацияны күту тізімінде тұрған адамдарды қолдауға арналған шара.
Іс-шараның негізгі мақсаттары:
– трансплантология мәселелеріне назар аударту;
– донорлықтың маңыздылығы туралы ақпараттандыруды арттыру;
– өмірлік маңызды операцияны күтіп отырғандарға моральдық қолдау көрсету.
Жүгіру фестивалі маңызды әлеуметтік миссияның бір бөлігі болғысы келетіндерді біріктіреді.
Жоба қалай басталды?
Jüregımnıñ Jeñımpazy жобасы 2018 жылы шағын, бірақ ерекше шабыт сыйлайтын веложарыспен басталды, оған 60 әуесқой қатысқан болатын. Бұл болашақ жетістіктердің басы болды. 2019 жылы қатысушылар саны екі есе көбейіп, 150 адам шақыруды қабылдап, қашықтықтарды бағындырды. Осылайша бұл жобаның өсуі мен дамуының негізін қалады.

Негізгі серпіліс 2022 жылы орын алды. Сол жылы Jüregımnıñ Jeñımpazy ауқымды жүгіру фестиваліне айналып, #жайжүгіруемес ұранымен 500-ден астам қатысушыны біріктірді. Жүгіру Ботаникалық бақтан басталды.

Ал 2023 жылы ұйымдастырушылардың арманы шын мәнінде ауқымды деңгейге көтеріліп, EXPO алаңында өткен жүгіру фестиваліне шамамен 2000 қатысушы жиналды. Әнші Yenlik-тің өнер көрсетуі шараға ерекше атмосфера сыйлады.

Қазіргі таңда Jüregımnıñ Jeñımpazy жүректерді біріктіретін кең көлемді қозғалысқа айналды.
Іс-шара қай жерде өтеді?
Jüregımnıñ Jeñımpazy жүгіру фестивалі Астана қаласында, «Нұр-Әлем» павильонының (ЭКСПО) алдындағы жазғы сахнада өтеді.
Старттық жинағымды басқа кісінің алуына бола ма?
Иә, старттық жинақты сіздің орныңызға басқа кісінің келіп алуына болады. Ол үшін жеке куәлігіңіздің көшірмесін және денсаулық жағдайы туралы қолхатты ұсыну қажет. Назар аударыңыз, жинақты үшінші тұлғаға бергеннен кейін ұйымдастырушылар оған жауап бермейді.

JÜREGIMNIÑ JEÑIMPAZY
Әр қадам ерекше маңызға ие жүгіру жарысы

Төтенше жағдайда хабарласуға болатын адамның нөмірін жазу қажет

Тарифті таңдаңыз

Сіздің көмегіңіздің арқасында бізде дәрігерлерге көмектесу мүмкіндігі бар