Стажировки для региональных стационаров

Heart Center Foundation үшін аймақтық мамандардың тағылымдамадан топ құрамында — біртұтас бригада ретінде өтуі аса маңызды. Мұндай формат әртүрлі бағыттағы дәрігерлерге өзара тәжірибе алмасуға, бір-бірінің жұмыс үдерісін терең түсінуге және емдеудің толық циклін кешенді түрде көруге мүмкіндік береді.

Топтық тәсіл оқу сапасын едәуір арттырады: мамандар клиникалық тәжірибемен қатар, командалық өзара іс-қимыл қағидаттарын да меңгереді. Кейін бұл тәжірибені өз стационарларында енгізу арқылы өңірлік денсаулық сақтау жүйесінің дамуына үлес қосады.
 
2025 жылдың ақпан айында Түркістан облыстық балалар ауруханасының жүрек-қантамыр хирургиясы бөлімінің дәрігерлер бригадасы тағылымдамадан сәтті өтті.

Event Photo

Топ құрамында 2 кардиохирург, 2 анестезиолог-реаниматолог, 1 кардиолог, 1 операциялық медбике және 2 реанимациялық медбике болды.

«Еліміздің түкпір-түкпірінен келген мамандар үшін осында келіп, тәжірибе алмасу мүмкіндігі – өте құнды. Біздің оңтүстік өңірде туу көрсеткіші жоғары, сондықтан туа біткен жүрек ақауы бар балаларға өмірінің алғашқы күндерінен бастап операция жасау қажет. Мұндай балалардың өмірін сақтап қалу үшін дәл қазір осында келіп білім алу мүмкіндігін барынша тиімді пайдаланып жатырмыз», —  Талғат Нұрланұлы Бердібеков, Түркістан облыстық балалар ауруханасының жүрек-қантамыр хирургиясы бөлімінің меңгерушісі.

2025 жылдың тамыз айында Астана қаласына Қарағанды қаласындағы №2 көпсалалы қалалық аурухананың екі дәрігерлер тобы тағылымдамадан өтуге келді.

Event Photo
Event Photo

Олардың құрамында балалар кардиохирургі, кардиолог, функционалдық диагностика дәрігері, 2 анестезиолог-реаниматолог, 2 реабилитолог, 2 перфузиолог және 4 медбике болды.

Біз үшін тәжірибемізді осылай арттырып отыру өте маңызды. Өз өңірімізде балалар кардиохирургиясын дамыту үшін еліміздің жетекші мамандарынан осындай құнды ақпарат алып, тәжірибе алмасу – аса қажет. Туа біткен күрделі жүрек ақауларымен дүниеге келген сәбилерге жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуіміз керек. Осындай мүмкіндік бергендеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз!»— Болатбекова Перизат Изатулақызы, функционалдық диагностика дәрігер.

Аталған тағылымдамалар Heart Center Foundation Қамқоршылар кеңесінің мүшесі Гаухар Қаппарованың қолдауының арқасында жүзеге асты. Оның туған күніне орай бастамашы болған қайырымдылық акциясы нәтижесінде 6 512 000 теңге көлемінде қаражат жиналды. Бұл сома бағдарламаға қаржылық негіз болып, аймақтық мамандардың білімін жетілдіруге мүмкіндік берді.
 

 «Білім беру жобаларын қаржыландыру арқылы біз елдің болашағына инвестиция саламыз. Білімді қоғам — біздің ортақ капиталымыз», — деді Гаухар Қаппарова, Heart Center Foundation қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің мүшесі.

Өзекті

Іс-шаралары

Стажировки

ESG Awards

14
қазан, 2025

Стажировки

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлеріне арналған тағылымдама

10 - 21
ақпан, 2025
FAQ

Сұрақтар мен жауаптар

Сіздің көмегіңіздің арқасында бізде дәрігерлерге көмектесу мүмкіндігі бар