14
Oct, 25

ESG Awards

Біз Air Astana компаниясынан «Қазақстандағы өңірлік денсаулық сақтаудың тұрақты дамуы» номинациясы бойынша ESG Awards марапатына ие болғанымызды зор мәртебе және ерекше ризашылықпен қабылдаймыз.

FlyArystan әуе компаниясымен орнатылған серіктестік дәрігерлерге Қазақстанның өңірлерінде тәжірибелік мастер-кластар мен білім беру сессияларын өткізуге, сондай-ақ туа біткен жүрек ақауы бар балалардың ата-аналары үшін Пациенттік мектептерді ұйымдастыруға жол ашты. Бұл бастамалар өңірлік медициналық кадрлардың кәсіби деңгейін арттыруға, тәжірибе мен білім алмасу үдерісін жандандыруға, сондай-ақ ата-аналар мен пациенттерге өз аймағынан шықпай-ақ білікті медициналық кеңес пен психологиялық қолдау алуға мүмкіндік береді.

Event Photo

Heart Center Foundation үшін аталған серіктестік стратегиялық маңызға ие, себебі ол өңірлік денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға, кәсіби қауымдастықтарды біріктіруге және жоғары технологиялық медициналық көмекті халыққа барынша жақындатуға бағытталған.

Air Astana және FlyArystan компанияларына әлеуметтік жауапкершілікті жоғары деңгейде ұстанғаны, денсаулық сақтау саласын қолдауға ерекше назар аударғаны және Қор миссиясын - заманауи медициналық көмекті әрбір қазақстандыққа қолжетімді ету ісінде көрсеткен нақты серіктестігі үшін шынайы алғыс білдіреміз.

ESG Awards

Сіздің көмегіңіздің арқасында бізде дәрігерлерге көмектесу мүмкіндігі бар