Олимпиада для резидентов

Heart Center Foundation қоры жүзеге асыратын маңызды жоба. Оның мақсаты – жас мамандарды қолдау, олардың кәсіби білімдері мен дағдыларын дамыту. Олимпиада жеңімпаздарына travel-гранттар мен стипендиялар ұсынылады.

Heart Center Foundation қоғамдық қоры 2023 жылдан бастап резиденттерге арналған Республикалық олимпиаданы өткізіп келеді. Олимпиаданың негізгі мақсаты – жас дәрігерлердің кәсіби дамуына жағдай жасау, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және клиникалық дағдыларын жетілдіру. Осы уақыт аралығында екі Олимпиада ұйымдастырылды – 2023 және 2024 жылдары.

2024 жылғы Олимпиаданың нәтижелері
 • Жеке секция «Saving Lives»
Жеңімпаз — Бекетов Бахтияр, UMC Жүрек орталығында «кардиохирургия» мамандығы бойынша 3-ші жыл резиденті. Ол Серік Темірханович Бекбосынов атындағы стипендияға ие болды.

Event Photo

Командалық секция

Бұл секцияда жеңімпаз атанған екі команда 3 000 000 теңге көлеміндегі travel-грантты теңдей бөлісті. Әр команда кәсіби біліктілігін арттыру үшін халықаралық конференцияны өз қалауы бойынша таңдауға мүмкіндік алды.

«ГКЦ Қасқырлары» командасы
Құрамы: Әбілдахан Б.Б., Сағалов Т.Қ., Қалыбеков А.Қ.


Барлығы – С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің кардиохирургия резиденттері.

Event Photo

Команда мүшелері грантты аймақтың ең ірі медициналық орталықтарының бірі — Medipol Mega University Hospital (Стамбул, Түркия) базасында тағылымдамадан өтуге жұмсады. Тағылымдама 2025 жылғы 25 мамыр – 1 маусым аралығында өтті.

Event Photo

“Heart Health Heroes” командасы
Құрамы: Ғалымжанова Малика, Лулаева Эмина, Алтай Мөлдір.
Барлығы – UMC Жүрек орталығының кардиология резиденттері.

Event Photo

Travel-гранттың арқасында команда EuroACHD 2025 — Еуропалық ересектердегі туа біткен жүрек ақауларына арналған XVI конференцияға қатысты. Шарада қатысушылар постерлік ғылыми жұмысын ұсынып, қорғады. Конференция 2025 жылғы 11–12 сәуірде Италияның Неаполь қаласында өтті.

Өзекті

Іс-шаралары

Олимпиада

«Білім. Дағды. Қызмет» атты II республикалық резиденттер олимпиадасы

16 - 17
қараша, 2024
FAQ

Сұрақтар мен жауаптар

Сіздің көмегіңіздің арқасында бізде дәрігерлерге көмектесу мүмкіндігі бар