16
Nov, 24

07:00-19:00

«Білім. Дағды. Қызмет» атты II республикалық резиденттер олимпиадасы

Бұл олимпиада резиденттер мен сарапшылар арасында тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаң әрі кәсіби қауымдастықтың қалыптасуына ықпал етіп, Қазақстандағы кардиохирургия қызметінің ұзақ мерзімді жақсаруына жол ашады.

Республикалық резиденттер олимпиадасының жеңімпаздарын қуана хабарлаймыз:

«Saving lives» секциясының жеңімпазы – кардиохирургия мамандығы бойынша 2-курс резиденті Бекетов Бахтияр. Ол бір жыл бойы Heart Center Foundation Қорынан 350 000 теңге көлемінде шәкіртақы алады.  

Командалық сессияда екі команда жеңіске жетті: «ГКЦ қасқырлары» және «Heart Health Heroes». Қатысушылар 3 000 000 теңге көлеміндегі travel-грантты өзара бөліседі. Резиденттер кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында кез келген конференцияны таңдап, Қор есебінен аталған шараға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Біз олимпиадаға қатысқан барлық резиденттерге, қазылар алқасына және қонақтарға үлкен алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қатысып, қолдау білдірендеріңіз бұл шараны жарқын әрі қызықты етуге мүмкіндік берді. Алдағы уақытта да өздеріңізді біздің іс-шараларда көріп, жаңа жеңістерге куә боламыз деп үміттенеміз! Құрметпен, Heart Center Foundation.

«Білім. Дағды. Қызмет» атты II республикалық резиденттер олимпиадасы

Сіздің көмегіңіздің арқасында бізде дәрігерлерге көмектесу мүмкіндігі бар