Грант имени Юрия Пя

2020 жылы Қор Юрий Пя атындағы грантты тағайындады. Оның мақсаты – болашақ дәрігерлерге UMC Жүрек орталығында ай сайынғы стипендиямен оқу мүмкіндігін беру. Бағдарлама резидентураның екі бағытын қамтиды: кардиохирургия және кардиология.

2025 жылдың соңына қарай Юрий Владимирович Пя атындағы гранттар бағдарламасы аясында 11 резиденттің білімі қаржыландырылды: 2023 жылы 1 резидент оқуын аяқтады, ал 2024 жылы тағы 2 резидент бағдарламаны сәтті тәмамдады. Қазіргі уақытта 8 резидент оқуын жалғастыруда.


Бір резидентті оқыту құны 3 500 000 теңгені құрайды. Бұл сомаға мемлекеттік стипендиядан 20%-ға жоғары мөлшерде белгіленген стипендия да кіреді.

Стипендиаттар:

1. Галымжанова Малика Канатовна - кардиология (ересектер, балалар)
2. Бекетов Бахтияр Арманович - кардиохирургия (ересектер, балалар)
3. Нұрғалиев Нұрдәулет Мұратұлы - кардиохирургия (ересектер, балалар)
4. Ибекенова Асем Онласыновна - кардиология (ересектер, балалар)
5. Темирбулатова Лейла Бекболатовна - кардиология (ересектер, балалар)
6. Азатов Еркин Фархадович - кардиология (ересектер, балалар)
7. Деменова Гаухар Фазылбекқызы - кардиология (ересектер, балалар)
8. Сахипова Айым Гарипуллаевна - неврология (ересектер, балалар)

Event Photo

2025 жылы Қор 3 жаңа грант тағайындады. Олардың иегерлері:

1. Сахипова Айым Гарипуллаевна неврология (ересектер, балалар)
2. Темірбулатова Лейла Бекболатовна кардиология (ересектер, балалар)
3. Ибекенова Асем Онласыновна кардиология (ересектер, балалар)


Осы уақытқа дейін Қор оқу гранттарын тек кардиология мен кардиохирургия бағыттарында ғана ұсынған болса, биыл бағдарламаға алғаш рет неврология мамандығы енгізілді. Бұл маңызды қадам Қордың қызмет аясын кеңейтіп, жүрек-қантамыр ауруларын емдеу үшін өзара байланысты медициналық мамандықтарды қолдауға деген ұмтылысын көрсетеді.

Бағдарлама түлектері:

1. Жанен Зарина
Оқу мерзімі: 2020–2023 жж.
Мамандығы: «Кардиология (ересектер, балалар)»
Жұмыс орны: «Aisulu» клиникасы, Шымкент қ. - балалар кардиологы

Event Photo

 2. Сайран Жандос Мақсұтұлы
Оқу мерзімі: 2022–2025 жж.
Мамандығы: «Кардиология (ересектер, балалар)»
Жұмыс орны: UMC «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы», интервенциялық аритмология бөлімі - интервенциялық аритмолог дәрігер

 

 3. Ламбекова Ақниет
Оқу мерзімі: 2022–2025 жж.
Мамандығы: «Кардиология (ересектер, балалар)»
Жұмыс орны: «Қостанай облыстық кардиология орталығы» ЖШС, Қостанай қ. - кардиолог дәрігер

Event Photo

Қор 2020 жылы Юрий Пя атындағы грантты тағайындады.
Юрий Владимирович Пя — кардиохирург, медицина ғылымдарының докторы, University Medical Center басқарма төрағасы және Қордың құрылтайшыларының бірі.


Юрий Пяның басшылығымен Қазақстанда жүрек ауруларын емдеудің озық әдістері, соның ішінде жүрек трансплантациясы мен жасанды жүректі қолдану енгізілді. Оның кәсібилігі мен көшбасшылығының арқасында UMC Жүрек орталығы халықаралық деңгейде мойындалды, ал отандық кардиохирургия әлемдік стандарттарға сай деңгейге көтерілді.

Грантқа Юрий Владимирович Пяның есімін беру арқылы Қор медицина саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдіреді және жаңа буын дәрігерлерін жоғары кәсібилік пен адамға қызмет ету қағидаттарына шабыттандыруды мақсат етеді.

Event Photo

Өзекті

Іс-шаралары

Грант

Фонд выделил 3 новых гранта

01
қазан, 2025
FAQ

Сұрақтар мен жауаптар

Сіздің көмегіңіздің арқасында бізде дәрігерлерге көмектесу мүмкіндігі бар