Кабинетке кіру
Қор тарапынан үш жаңа грант тағайындалды.
Бұған дейін Қор тек кардиология және кардиохирургия бағыттары бойынша білім алуды қаржыландырса, 2025 жылы бағдарламаға алғаш рет неврология бағыты да қосылды. Бұл маңызды қадам Қордың қызмет аясын кеңейтіп, жүрек-қантамыр ауруларын емдеу үшін өзара байланысты медициналық мамандықтарды қолдауға деген ұмтылысын көрсетеді.
Олардың иегерлері:
1. Сахипова Айым Гарипуллаевна неврология (ересектер, балалар)
2. Темірбулатова Лейла Бекболатовна кардиология (ересектер, балалар)
3. Ибекенова Асем Онласыновна кардиология (ересектер, балалар)
Қор 2020 жылы Юрий Пя атындағы грантты тағайындады.
Юрий Владимирович Пя — кардиохирург, медицина ғылымдарының докторы, University Medical Center басқарма төрағасы және Қордың құрылтайшыларының бірі.
Юрий Пяның басшылығымен Қазақстанда жүрек ауруларын емдеудің озық әдістері, соның ішінде жүрек трансплантациясы мен жасанды жүректі қолдану енгізілді. Оның кәсібилігі мен көшбасшылығының арқасында UMC Жүрек орталығы халықаралық деңгейде мойындалды, ал отандық кардиохирургия әлемдік стандарттарға сай деңгейге көтерілді.
Грантқа Юрий Владимирович Пяның есімін беру арқылы Қор медицина саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдіреді және жаңа буын дәрігерлерін жоғары кәсібилік пен адамға қызмет ету қағидаттарына шабыттандыруды мақсат етеді.
Бүгінгі таңда осы гранттар бағдарламасы аясында 11 резиденттің білімі қаржыландырылды: 2023 жылы 1 резидент оқуын аяқтады, ал 2024 жылы тағы 2 резидент бағдарламаны сәтті тәмамдады. Қазіргі уақытта 8 резидент оқуын жалғастыруда.
Бір резидентті оқыту құны 3 500 000 теңгені құрайды. Бұл сомаға мемлекеттік стипендия мөлшерінен 20%-ға жоғары болып белгіленген ай сайынғы стипендия да кіреді.
Қор тарапынан үш жаңа грант тағайындалды.