Кабинетке кіру
Шымкент қаласында туа біткен жүрек ақаулары бойынша көшпелі мектеп өтті
Шымкент қаласындағы Облыстық балалар клиникалық ауруханасының базасында 2026 жылғы алғашқы «JÜREK» пациенттік мектебі өтті — туа біткен жүрек ақаулары (ТЖА) бар балалардың ата-аналарына арналған білім беру іс-шарасы.
Heart Center Foundation қоры балалардағы туа біткен жүрек ақауларын диагностикалау сапасын арттыруға, өңір мамандарының кәсіби құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ ТЖА бар балалардың ата-аналарын ақпараттандыру және қолдауға бағытталған екі маңызды іс-шара ұйымдастырды.
• Туа біткен жүрек ақаулары (ТЖА) бойынша пациенттік мектеп;
• Балалар мамандарына арналған эхокардиография (ЭхоКГ) бойынша практикалық мастер-класс.
Іс-шара 90 қатысушыны біріктіріп, кәсіби білімін жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және мамандармен тікелей диалог орнатуға мүмкіндік берді.
Мастер-класс барысында эхокардиография бойынша клиникалық жағдайларды талдаумен қатар практикалық сабақтар өткізілді; туа біткен жүрек ақауларының күрделі түрлері бар 9 пациент қаралып, жан-жақты талқыланды; пациенттерді одан әрі жүргізу тактикасы бойынша ұсынымдар берілді.
Пациенттік мектеп аясында ТЖА-ны диагностикалау және емдеу тәсілдері, хирургиялық араласуға дайындық кезеңдері, операциядан кейінгі бақылау ерекшеліктері, сондай-ақ ТЖА бар баланың күнделікті өміріне қатысты мәселелер қарастырылды. Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын мамандарға тікелей қою мүмкіндігіне ие болды.
Тікелей эфир жазбасы:
Өткізілген іс-шаралар өңірдегі балалар кардиологиясының дамуына елеулі үлес қосып, келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді:
— ТЖА бар балалардың ата-аналарының ақпараттану деңгейін арттыруға;
— өңіраралық кәсіби тәжірибе алмасуды күшейтуге;
— балалар мамандарының диагностикалық дағдыларын жетілдіруге;
— балалар кардиологиясы саласында тұрақты кәсіби қауымдастықтың қалыптасуына ықпал етуге.
Бүгінгі күні «JUREK» пациенттік мектебінің 4 көшпелі іс-шарасы өткізілді: Астана, Алматы, Ақтау қалаларында және Түркістан облысында. 2026 жылы жоба географиясын кеңейтіп, Қазақстанның 8 өңірін қамту жоспарлануда.Түркістан облыстық балалар клиникалық ауруханасының ұжымына қолдау көрсеткені, ынтымақтастығы және пациенттік мектепті ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін ерекше алғыс білдіреміз.
Біздің медиа-команданың репортажын назарларыңызға ұсынамыз.
Шымкент қаласында туа біткен жүрек ақаулары бойынша көшпелі мектеп өтті