Кабинетке кіру
«JÜREK» Пациенттік мектебі жобасы аясында тікелей эфир өтті
Ашық эксперттік эфир туа біткен жүрек ақауларын (ТЖА) пренаталды диагностикалауға арналды. Шараға болашақ ата-аналар, ТЖА бар балалардың отбасылары және медициналық қауымдастық өкілдері қатысып, жалпы саны 100 адам болды.
Эфир спикерлері:
• Татьяна Иванова-Разумова — м.ғ.к., штаттан тыс бас балалар кардиологы, UMC Педиатрия клиникалық-академиялық департаментінің директоры, «ТЖА бойынша Пациенттік мектеп „JÜREK“» жобасының жетекшісі
• Айкерим Жанатқызы — UMC Жүрек орталығының балалар кардиологы
Эфир барысында мамандар жүкті әйелдерге жүргізілетін барлық тексерулерді толық және жүйелі түрде сипаттады: скринингілік ультрадыбыстық зерттеулер, лабораториялық және генетикалық талдаулар, фетальді эхокардиография. Сонымен қатар, патологияларды анықтау мерзімдері, диагноз расталған жағдайда қабылданатын іс-қимылдардың тактикасы жан-жақты талқыланды.
Болашақта осындай тікелей эфирлер тұрақты түрде өткізіліп, ата-аналар мен медициналық мамандар өзекті ақпаратты жүйелі түрде алу мүмкіндігіне ие болады. YouTube арнамызға жазылыңыздар және хабарландыруларды қадағалаңыздар.
Сонымен қатар, «JÜREK: Всё о ВПС» Telegram-каналы жұмыс істейді, онда күрделі мәселелер қарапайым тілмен түсіндіріліп, дәрігерлердің ұсынымдары мен пайдалы материалдар жарияланады. Бұл канал тәжірибе алмасу және сенімді ақпарат алу алаңы.
Барлық жаңалықтар мен алдағы эфирлерден хабардар болу үшін тіркеліңіздер.
«JÜREK» Пациенттік мектебі жобасы аясында тікелей эфир өтті