06
Feb, 26

Қамқоршылық кеңес мүшелеріне 2025 жылғы жұмыс нәтижелері таныстырылды

Heart Center Foundation қорының Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті, онда жылдық есеп ұсынылып, ағымдағы операциялық мәселелер қаралды. Жиын барысында кеңес мүшелері әр жобаның қорытындыларын жан-жақты талдап, өз пікірлерін білдірді. Осы пікірлер негізінде Қордың командасы келесі жылға жұмыс жоспарын құрайды.

Қамқоршылық кеңес мүшелері ALEM (Astana Life Ex-Situ Machine) жабдықтары мен медициналық тауарлар өндірісін жүзеге асыратын болашақ зауыт алаңымен танысты. Айта кетейік, зауыт құрылысын 2025 жылғы 21 мамырда Астана қаласындағы №1 индустриалды парк аумағында басталған.

Кәсіпорын аумағымен танысу шикізат қоймасынан басталды. Ұсынылған макетте кеңес мүшелеріне қай аймақтар толықтай пайдалануға дайын екені көрсетілді. Зауыт құрылысы 2026 жылғы мамырда аяқталуы жоспарланған. Өндірістен түскен барлық кіріс Қордың жарғылық қызметін жүзеге асыруға бағытталады.

Event Photo

Қор өз қызметі аясында іске асырылған жобалар туралы есептерді ресми сайтында тұрақты түрде жариялап отырады. Жылдық есеп командаға өткен жылдың нәтижелерін талдауға, сондай-ақ келесі кезеңге арналған стратегиялық басымдықтарды айқындауға мүмкіндік беретін маңызды аралық кезең.

Қамқоршылық кеңес мүшелеріне 2025 жылғы жұмыс нәтижелері таныстырылды

Сіздің көмегіңіздің арқасында бізде дәрігерлерге көмектесу мүмкіндігі бар