28
May, 25

AEPC 2025 Халықаралық ғылыми конгресі

28–31 мамыр аралығында Гамбург қаласында өткен AEPC 2025 халықаралық ғылыми конгресінде UMC мамандары - Байгалканова А.И. и Аманжолова А.К. өздерінің ғылыми тезистерін сәтті ұсынып, халықаралық аудиториямен тәжірибе алмасты.

«Біздің жұмысымыз 2022 жылдан бері орталығымызда бақылауда болған жүрек патологиясы бар пациенттердің клиникалық тәжірибесін біріктірді. Зерттеудің мақсаты - жүрек патологиясы бүйрек зақымдануына әкелетін екінші типті кардиореналды синдромның (КРС II) даму предикторларын анықтау болды.

Біз созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бүйрек зақымдануын алдын ала болжауға бола ма және бұл жағдайда қай зертханалық көрсеткіштерге сүйену қажет деген сұрақтарға жауап іздедік. Қазіргі таңда КРС II типінің көптеген биомаркерлері белгілі болғанымен, олардың барлығы клиникалық тәжірибеде кеңінен қолданылмайды - себебі олардың құны жоғары және клиникалық маңызы шектеулі. Сондықтан зерттеу барысында кез келген клиника жағдайында қолдануға болатын қолжетімді зертханалық талдаулар қарастырылды.

Талдау нәтижесінде созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бүйрек функциясының төмендеуі жүрек шығарылымының азаюымен және электролиттік теңгерімнің бұзылуымен байланысты екені анықталды. Сонымен қатар, екі топтағы қатысушыларда да сарысулық темір деңгейінің төмен болуы байқалды, бұл ағзадағы, соның ішінде бүйректегі, созылмалы қабыну процестерінің бар екенін көрсетуі мүмкін», - деп атап өтті UMC Жүрек орталығының балалар кардиологиясы бөлімінің меңгерушісі Байгалканова Альмира Иагалиевна. 

Event Photo

Осы сапарға қатысуларына мүмкіндік жасап, толық қолдау көрсеткеніміз үшін Heart Center Foundation қоғамдық қоры ретінде біз үшін бұл - үлкен мәртебе. Білім алмасу мен ғылымды қолдау - ертеңгі мықты медицинаның негізі.

AEPC 2025 Халықаралық ғылыми конгресі

Сіздің көмегіңіздің арқасында бізде дәрігерлерге көмектесу мүмкіндігі бар