17
Jan, 26

Қор «Жылдың үздік қайырымдылық жобасы» номинациясының жеңімпазы атанды

Биыл Қор “Capital Health” форумындағы панельдік сессияда «Қайырымдылықтан жүйелі әлеуметтік инвестицияларға: Қор жобалардың тұрақты экожүйесін қалай қалыптастырады» тақырыбында баяндама жасады.

Қор директоры Мурат Зауыров Қазақстандағы трансплантология тарихы, оның дамуына бағытталған жүйелі шаралар және ALEM (Astana Life Ex-Situ Machine) жобасының ғылыми-тәжірибелік нәтижелері туралы сөз сөйледі.

Біздің команда бұл форумға екі жыл қатарынан қатысуда. «Capital Health» номинациясы біздің қызметіміздің нәтижелерін танытса, ал жеңіс жобалардың қоғам мен денсаулық сақтау саласына қосқан ұзақмерзімді құндылығын айқындайды.

Форумды ұйымдастырғаны және шақырғаны үшін Capital Health ұжымына алғысымызды білдіреміз.

Event Photo

Қор «Жылдың үздік қайырымдылық жобасы» номинациясының жеңімпазы атанды

Сіздің көмегіңіздің арқасында бізде дәрігерлерге көмектесу мүмкіндігі бар